Диего Коста: «Мен жекпе-жекке шыға аламын, ал Луис тістей алады»

28.09.2020, 14:57
Луис кешегі матчта қосалқы құрамнан шығып, екі гол салды.
Диего Коста: «Мен жекпе-жекке шыға аламын, ал Луис тістей алады»

Испания чемпионатының 3-тур ойынында Гранадаға (6:1) гол соққан «Атлетико Мадридтің» 31 жастағы шабуылшысы Диего Коста Луис Суарес туралы пікір білдірді.

«Суаресті сатып алу өте жақсы қадам болып табылады. Мен жекпе-жекке шыға аламын, Луис тістей алады. Бізде қазір Луис сияқты ойыншы бар, бақытымызға орай ол "Барселонадан" кетті. Мұндай команда оны қалай жібергенін білмеймін. Ол "Атлетикода" киім ауыстыратын бөлмедегі атмосфераны қалыптастырды, өйткені оның жауынгерлік рухы және титулдарды жеңіп алу деген мақсаты бар.

Бәсекелестік? Бұл команданың ішінде болады, егер біз осы бағытта жүре берсек, бұл бізді үлкен жетістікке жетелейді», - деп келтіреді Marca Костаның сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, Луис Суарес "Атлетико" сапындағы дебюттік ойынында дубль жасап, бір нәтижелі пас берді. Осылайша, Суарес "Атлетико Мадрид" тарихындағы дебюттік матчта дубль жасаған алғашқы ойыншы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×