Сульшер Моуриньоны мазақ етті. Жозенің де жауабы дайын екен

28.09.2020, 14:38
«Манчестер Юнайтед» голдардың басым көпшілігін пенальтиден салып жүр. Моуриньо осыны меңзеген секілді.
Сульшер Моуриньоны мазақ етті. Жозенің де жауабы дайын екен

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Оле Гуннар Сульшер Жозе Моуриньоны мазақ етті. Моуриньо Еуропа лигасының 3-ші іріктеу кезеңіндегі «Шкендия 79» командасымен болған матчта "Тоттенхэмнің" қақпасы 5 см-ге кіші болғанын айтқан еді.

«Манчестер Юнайтедтің» «Брайтонға» қарсы (3-2) матчында, «Брайтон» клубы Давид Де Хеа қорғаған қақпаға бес рет дәл соққы жасаған екен. Осы ойыннан кейін Сульшер Моуриньоның сөзін есіне алды.

«Сіз Жозенің қақпаның ұзындығын өлшеу үшін келмегеніне қуануыңыз керек», - деді Сульшер.

Ал Моуринью болса былай деп жауап берді:

«Менің ойымша, Сульшер өзінің командасымен болған жағдайға қатты қуанып, таңқалғаны соншалық, ол мен туралы қалжыңдады. Бірақ мен ол үшін қақпаның өлшемі маңызды емес екенін түсінемін. Сульшер үшін айып алаңының көлемі маңызды. Ол бір метр кіші айып алаңында ойнауға ешқашан келіспейтін еді. Ол айып алаң сызығының төрт метрге ұзарғанын қалайды», - деп жауап берді португалиялық бапкер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×