Пол Эшуорт: «Команда мен көргім келетін футболды 90%-ға көрсетті»

28.09.2020, 02:32
Томашевич соңғы 2 ойында 3 гол соқты. 3 голы да стандарттан соғылды.
Пол Эшуорт: «Команда мен көргім келетін футболды 90%-ға көрсетті»

"Астана" клубындағы бас бапкердің міндетін атқарушы Пол Эшуорт клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында бүгінгі жеңіс жайлы және жарақат алған ойыншылар туралы айтты:

- Мен командаға өте қатты ризамын. Әр екі-үш күн сайын ойнау өте қиын, бірақ ойыншылар барынша күш салып, осы жеңіске лайық болды. Біз өте жақсы ойнамаған сәттер де болды, бірақ кез-келген командаға 90 минут бойы қателіксіз ойнау қиын. Бізге көбірек гол соғуға болар еді, бірақ команда жақсы ойын көрсетіп, допты бақылауда ұстады.

- Команда сіз көргіңіз келетін футболды қаншалықты жақсы көрсетті?

- Бүгінде бұл 90%-ды құрады, ол ешқашан 100% болмайды. Бірінші таймда біз шабуылда өткір ойнауымыз керек еді, ал екінші таймда одан да көп гол соғуға болар еді. Бірақ босаңсуға болмайды, келесі матчқа байыппен дайындалу керек, өйткені бәрі қайтадан басталады.

- Менің жарақат алған ойыншылар туралы сұрағым келіп тұр, ойыншылар қашан қалпына келеді?

- Біз олардың қалпына келуін қадағалаймыз. Жақын арада Дима мен Ненад қалпына келеді деп үміттенемін, Иванның мұрны сынды, бұл оған әлі дайын болуға мүмкіндік бермейді. Біз сондай-ақ Юраның жағдайын қарастырамыз, содан кейін қорытынды жасаймыз.

- Команда осымен екінші ойында стандарттан гол соғып, жеңіске жетті. Бұл "Астананың" басты қаруына айналуда деп айта аламыз ба?

- «Жетісуға» қараңдар - олар 9 голын стандарттан соққан. Мен нақты статистиканы білмеймін, бірақ барлық голдардың шамамен 50%-ы айып добынан кейін немесе екінші толқынмен жасалған шабуылдан соғылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×