Диего Коста жазда "аспан асты еліне" ауысады

04.02.2017, 01:15
Диего Коста жазда "аспан асты еліне" ауысады
Испандық шабуылшының болашақ жалақысы да белгілі.  Италяндық Cadena Ser. басылымының жазуынша Диего Коста жазда "Челсиден" кетеді. Шабуылшы қытайдың бір клубымен келісіп қойыпты. Алайда, оның қандай клуб екені бүгінгі таңда белгісіз. Әйткенмен, жалақысы белгілі болды. Қытайда 28 жастағы футболшы жылына 30 миллион еуро табыс таппақ. Ал, "ақсүйектер" болса Костаның орнына "Реалда" Кәрім Бенземаның көлеңкесінде жүрген Альваро Моратаны шақыруды көздеп отыр. Қытайлық клуб Диегоны жазда сатып алғысы келген. Алайда, лондондықтар 85 миллион еуродан бас тартқан екен.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×