Фрэнк Лэмпард мансабын аяқтады

04.02.2017, 01:39
Фрэнк Лэмпард мансабын аяқтады
"21 жыл керемет футболмен өткен өмірімнен кейін, өзімнің мансабымды аяқтауға бел будым. Маған Англиядан және басқа да клубтардан көптеген ұсыныстар түсті, бірақ, 38 жаста өмірдін маңызды шағын жаңадан бастау керек деп сеземін. Мен өзімнің жеткен жетістіктеріммен, алған жүлделеріммен мақтанамын, және мансабымда 300 гол соққанымды да мақтанып айтамын", - деп Лэмпард инстаграм парақшасында айтып өтті. Лэмпард "Суонси", "Вест Хэм", "Челси", "Манчестер Сити" және "Нью-Йорк Сити" сапында өнер көрсетті. Жартылай қорғаушы Англия ұлттық құрамасында 106 матч өткізіп, 29 рет мергендігімен көзге түскен.   Баян Қабден
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×