Диего Марадонаның қайда жерленгені белгілі болды

27.11.2020, 17:45
Жерлеу рәсіміне футболшының туыстары мен достары ғана қатысты.
Диего Марадонаның қайда жерленгені белгілі болды

Аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадонаны жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Toda Pasion.

Бұрынғы ойыншы Буэнос-Айрес маңындағы Bella Vista зиратында ата-анасының қасына жерленді. Іс-шара жабық форматта өтті, оған Диегоның отбасы мен достары ғана қатысты.

Сонымен бірге, президент сарайында өткен аңыз футболшымен қоштасу рәсімінен кейін көптеген жанкүйерлер табытпен бірге зиратқа дейін барды.

Еске салайық, Марадонаның өмірден озғаны туралы ақпарат 25 қарашада белгілі болды. Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы жүрегі тоқтағандықтан қайтыс болды деп хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×