Ибрагимович Швеция құрамасына қайта оралмақ

27.11.2020, 15:06
2020 жылы бірнеше футболшы футбол мансабын қайта жандандырды
Ибрагимович Швеция құрамасына қайта оралмақ

«Миланның» 38 жастағы шабуылшысы Златан Ибрагимович Швецияның бас бапкері Янне Андерсонмен кездесіп, өзінің халықаралық мансабын қалпына келтіруді талқылады. Бұл туралы Швеция футбол федерациясының сайты хабарлайды.

«Златан ұлттық құрама сапында ойнауға дайын екенін мәлімдегенде, біз үшін онымен тезірек кездесіп, талқылау өте маңызды болды. Кездесуді тез ұйымдастырғанымызға қуаныштымын. Кездесу өте жақсы өтті және нәтижесін берді, біз диалогты әрі қарай жалғастыруға келісеміз», - деді Швеция құрамасының бас бапкері кездесу туралы.

Еске салайық, Ибрагимович Швецияның құрамасындағы дебюттік ойынын 2001 жылдың 31 қаңтарында Фарер аралдарымен жолдастық ойында (0:0) өткізді. Содан бері ол ұлттық құрамада 109 матч өткізіп, онда 61 гол соғып, 17 нәтижелі пас берген. 2016 жылы 22 маусымда оның Швеция құрамасымен қоштасу матчы Бельгиямен болған матчта өтті (0:1).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×