ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов Қазақстан құрамасының Ресеймен жолдастық кездесу өткізуге дайын екенін және футбол политканың пікірімен жүрмеуі керек екенін алға тартты.
“Біз әрқашанда жолдастық кездесулер өткізуден бас тартпаймыз. Футбол халықтарды біріктіреді. Қазіргі сәтте қос тараптан нақты келіссөздер жоқ. Бірақ біз қашанда болсын кез-келген ұсынысқа ашықпыз. Біз футболдың политикаға қарап қалмағанын дұрыс деп санаймыз. Ресей елінің футбол басшыларымен сәлеміміз түзу. Ортада келіспеушілік болмаған”, - деді Бәрменқұлов.
Еске салайық, ФИФА мен УЕФА Ресей елінің әлемде ұстанған позициясына қарай барлық футбол турнирлерінен шеттеткен болатын. Онымен қоса, төрешілік қызметте жүрген Ресей қазылары да халықаралық кездесулерге тағайындалмай келеді.
Біздің серіктес: FONBET