Әділет Садыбеков жақында алаңға оралуы ықтимал

07.04.2025, 17:40

Айта кетейік, 23-жастағы ойыншы былтыр ауыр жарақат алып, біраз уақытқа футболдан тыс қалған еді.  

Әділет Садыбеков жақында алаңға оралуы ықтимал
Әділет Садыбеков

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметовтың мәлімдеуінше, Әділет Садыбеков осы айдың соңына қарай алаңға шығып қалуы мүмкін. ҚПЛ-дегі алаңдардың сапасына алаңдаулы алматылық клуб басшылығы жартылай қорғаушыны асықтырмай, жарақатынан әбден айығып, дайын болғанда ғана шығармақшы.

Әділет Садыбеков ҚПЛ-2024-те «Қайрат» сапында 13 ойынға қатысып, 3 голдың авторы атанды. Сондай-ақ, 23-жастағы жартылай қорғаушы ұлттық команда жейдесінде 5 матчта доп теуіп, бір гол салған. Әділет Садыбеков пен «Қайраттың» келісімшарты 2027-жылдың соңына дейін жарамды. Футболшының нарықтық бағасы 700 мың еуро.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×