«Жальгирис» Литва чемпионатының 24-туры аясындағы ойында «Хегельманды» 4:1 есебімен ұтты.
Қазақстандық қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен «Жальгиристің» негізгі құрамында шығып, 90 минут бойы ойнады.
Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин баптайтын «Жальгирис» клубы 53 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді. Екінші орында тұрған «Хегельманның» еншісінде 48 ұпай бар.
22 жастағы футболшы «Жальгириске» наурыз айының басында қосылған еді. Содан бері литвалық клуб үшін небәрі бес матчқа қатысты. Оның командасы биыл Конференция лигасының топтық кезеңінде «Слован Братислава», «Базель» және «Пюникпен» күш сынасатын болады.
Біздің серіктес: FONBET