Дмитрий Шомко «Астанадан» кетуге жақын

21.12.2020, 22:18
Қазақстандық қорғаушының алдында екі таңдау бар.
Дмитрий Шомко «Астанадан» кетуге жақын

30 жастағы қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шомко "Астанадан" кетеді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Футболшының 2014 жылдан бері ойнап келе жатқан елордалық клубпен келісімшарты аяқтады. Ол "Астана" сапында 264 матч өткізіп, 12 гол соққан, 45 нәтижелі пас берген.

Қазіргі уақытта Шомкоға Ресей Премьер-лигасының клубтарынан ұсыныстар түсіп жатыр, ал футболшының өзі одан да күшті чемпионатта өз күшін сынап көруге қарсы емес. Сонымен қатар, Дмитриймен "Астанада" бірге жұмыс жасаған Григорий Бабаян баптайтын Қостанайлық "Тобыл" да қорғаушыға қатты қызығушылық танытуда.

Қостанайлық клубтың алдына Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өтіп, чемпионаттың алтын медалін жеңіп алу міндеті қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×