Мохамед Салах «Реал Мадридке» ауысқысы келеді

22.12.2020, 00:28
Футболшы бұл туралы жақын достарына айтқан көрінеді.
Мохамед Салах «Реал Мадридке» ауысқысы келеді

"Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салах достарына "Реал Мадридке" ауысқысы келетінін айтты, деп хабарлайды журналист Экрем Конур өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, мерсисайдтық клуб мысырлық футболшыны сату үшін ең қолайлы ұсынысты таңдайды. Шабуылшыға "Пари Сен-Жермен" мен "Манчестер Ситиге" де қызығушылық танытып отыр.

Шабуылшы "Ливерпуль" сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда Мохамед Салах барлық турнирлерде 21 кездесуге қатысып, 16 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.

Мысырлық шабуылшы Чемпиондар лигасында "Ливерпуль" үшін 22 гол соққан және осы көрсеткіш бойынша клубтың бұрынғы ойыншысы Стивен Джеррардты басып озды. Соның арқасында ол команданың Чемпиондар лигасындағы ең үздік бомбардиріне айналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×