Дмитрий Шомко: «Финляндия ойыншыларының алаңда еркін қимылдауына мүмкіндік бермейміз»

12.10.2021, 17:38
Талғат Маруаұлы бүгін Дмитрий Шомконы негізгі құрамға қоймайтын шығар.
Дмитрий Шомко: «Финляндия ойыншыларының алаңда еркін қимылдауына мүмкіндік бермейміз»

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Финляндиямен кездеседі. Әзірге D тобында финдер бес матчтың нәтижесі бойныша 5 ұпаймен төртінші орында тұрса, алты ойын өткізген Талғат Маруаұлы шәкірттері 3 ұпаймен соңғы орынға жайғасқан. Матч алдында еліміздің басты командасына қайта шақырту алған Дмитрий Шомко Vesti.kz сайтына берген сұхбатында Балтық теңізінің ар жағынан келген қарсылас жайлы ойымен бөлісті.

- Дмитрий, ұлттық құрамаға қайта оралуыңызбен. Соңғы екі турда ұпай алатын командалардың арасында Финляндия бар. Бұл құраммен осыған дейін бірнеше рет кездесіп, оның бірде-біреуінде ұтпағанбыз. Бұл жолы шамамыз жетеді деп ойлайсыз ба?

- Біз әр матчта тек жеңіске жету үшін алаңға шығамыз. Бұл іріктеу турнирінде өз алаңымыздағы соңғы ойын болғандықтан, қарсыласымызды жеңу үшін 100% барымызды саламыз. Стадионға келген жанкүйерлерді жерге қаратпауға тырысамыз.

- Финляндия құрамасы өз алаңында Украинаға есе жіберді. Бұл жолы «суоми» құрамасын ұтсақ, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілетін мүкіндігіміз болады...

- Соңғы күндері Финляндия құрамасы жайлы толық ақпарат алдық. Олардың қандай футбол ойнайтынын білеміз. Жеңіске жетіп жатсақ, біздің команда үшін үлкен серпіліс болар еді. Жігіттер бүгінгі ойынның жауапкершілігін жақсы біледі.

- Жалпы Финляндия құрамасының сапында Теему Пуккиден басқа қандай мықты ойыншыларды атап өтесіз?

- «Суоми» құрамасында бірқатар мықты ойнышылар бар. Пуккиден бөлек, Глен Камараны ерекше атап өтуге болады. Жартылай қорғаушы команданың тірегі десек те болады. Командасында шабуылдың басым бөлігі осы ойыншы арқылы жасалады. Сондықтан Камараның алаңда еркін қимылдауына мүмкіндік бермейміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×