Доп ойнаған тозады деп кім айтты?!

08.02.2012, 23:32
Доп ойнаған тозады деп кім айтты?!

Шымкент қаласында футболды жан-тәнімен сүйетін бір адам өз ақшасына футбол алаңдарын, ауқымды футбол орталығын салыпты. Осы сөздерді естіп жүргенімізге бір-екі жылдай болып қалды. «Апырым-ай, ол кім болды екен, ә?» деп, сырттай таңғалатынбыз. Ол адамды бір көріп, тілдескіміз келетін. Жақында соның сәті түсті. Қазақстан футбол федерациясы мұнымызды қабыл алып әрі демеп, Шымкентке де барып келдік. Осы істі қолына алып, жүзеге асырып жатқан шағын және орта бизнестің өкілі Бауыржан Әбдубайытов екен. Әу баста өзі достарымен әуесқой футбол ко­ман­дасын құрып, қысы-жазы доп тебумен айна­лысқан екен. Бірақ сапалы жасыл алаңда футбол ойнау мүмкін болмаған деуге де болады. Осы бір проблема үнемі алдарынан көлденең шығып отырған. Сол кездері жақсы алаң салып алар ма еді деген арман оты жылтылдап, ойынан шықпаған. Ақыры сол арманның жетегінде жүріп, үнемі футбол ойнау үшін сапалы жасыл алаң салып алған. Онысы елге ұнап, сол жерде Қазақ­стан­дағы футбол клубтары оқу-жаттығу жиын­да­рын өткізуге мүдделі болған. Сондықтан бастаған ісін одан әрі жетілдіре түспесе болмасын біліп, қа­зіргі заман талабына сай «Биік» футбол орталығын са­луға кіріскен екен. Бүгінде «Биік» футбол ор­та­лы­ғында 10 жасыл желекті алаң, тренажерлік зал, 100 адамға арналған қонақүй, асхана, сауықтыру орталығы, спорттық зал, футболшылар киім ауыс­ты­ратын бөлмелер, кеңсе бөлмелері пайдалануға беріліп, үздіксіз қызмет етуде. 160 адамға арнал­ған қонақүй, электронды табло, 3 мың көрерменге ар­налған трибуна және басқа да инфра­құ­ры­лым­дық жүйелер салынып жатыр. Алды бітуге айнал­ған. Бауыржан Тойшыбекұлы ең алғаш облыс әкім­дігінен футбол алаңын салуға рұқсат сұрап ба­р­ған­да, ондағылар таңғалыпты. Әлбетте, пайда тап­қысы келген кәсіпкерлер сауда орталығы не­ме­се базар, казино немесе АЗС, мейрамхана не­ме­се кафе салуға ынталы болмай ма?! Әкімдік мұн­дай тосын ұсынысқа таңдана қарап, батасын берген. Кейіннен Бауыржан Той­шы­бекұлы футбол орталығын салуға қаланың шетінен ауқымды жер телімін алғанда Шымкенттегі бизнесмендер оған үрпие қараған. Көбі «айналайын-ау, соншама жерге бә­лен­бай базар, 20 шақты мейрамхана салу­ға болады ғой» деп есептей жөнелген. Ал Ба­уыр­жан Той­шы­бекұлының көздегені бір­ден пайда табу емес секілді. Тыңнан түлен тартып, ел футболын дамытуға өз үлесін қосу сияқты. Қалай десек те, елде жоқ ос­ын­дай істі қолға алғанына, осы саладағы ма­мандардың жүрекжарды пікірлеріне көңілі толып, содан рухани ләззат алатындай. Футболды жай ғана алданыш үшін емес, пайда табу үшін де емес, шын көңі­лімен құлай сүйетіндей. Бауыржан Тойшы­бекұлының жанындағы адамдардың бірі: – Бұл кісі футболды шынымен сүйеді. Кейде шаруа барысымен алыс жолға са­пар­ға шығып кетеді. Қайтып келе жатып телефон шалады «бүгін жаттығу ғой, футбол ойнаймыз ғой» деп. Біз «алыс жолдан келе жатқан жоқсыз ба, машинамен шап­қы­лап жүргеніңізге бір жарым тәулік болып­ты, жол соғып, шаршаған боларсыз, жат­тығуды ертеңге қалдырайық» десек, «жо-жоқ, жаттығуды шегеруге, кейін қал­ды­руға болмайды, футбол ойнайық» деп, бірден алаңға келеді. Қысы-жазы доп теуіп, футбол ойнайды, бір сәтке де қол үз­бейді, – деп Баукеңнің футболға деген ма­хаб­батына сүйсінетінін білдірді. Бауыржан Тойшыбекұлымен бол­ған сұх­батымыз алдағы күндері жа­рық көрер. Әзірше назарларыңызға Бау­кеңнің футбол орталығының сырт көрінісін ұсынып отырмыз.

Автор: Нұрғазы Жаппарұлы, Алматы – Шымкент – Алматы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×