Кеше Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қостанайдың "Тобылы" Медиаш қаласының "Газ Метан" командасымен жолдастық кездесу өткізді.
Онда өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 7-орын алған қостанайлықтар Румыния чемпионатының Бірінші лигасында 7-орын алған медиаштықтардан 2:1 есебімен басым түсті.
Сергей Масленов жаттықтыратын «Тобылдың» келесі жолдастық кездесуі 10 ақпанда өтеді. Олардың бұл жолғы қарсыласы Болгарияның Пловдив қаласының «Локомотив» командасы болмақ. Негізі 1936 жылы қаланған бұл команда Болгария чемпионатында «А» тобында өнер көрсетеді. Пловдивтіктер 2004 жылы ел чемпионаты мен Суперкубок жеңімпазы. Олар ел біріншілігінде 1974 жылы күміс, 1967, 1974, 1992, 2005 жылдары қола жүлдегер атанып, 1960, 1971, 1982 жылдары Болгария кубогының финалисі болған еді.
КПЛ-ға тиімді ставкалар мен арнайы акцияларды FONBET ұсынады – Қазақстандағы ең үздік VIP-бағдарламасы бар букмекер. Жаңа клиенттерге осы сілтемемен, ALADOP промокоды арқылы тіркелгенде, FONBET алғашқы шотты толықтырғаны үшін 200 000 теңгеге дейін бонус береді: http://www.fonbet.kz/s/21Xe9a