«Доп теп» топтамасы: Бундеслига қайтадан шегерілді, Сане «Баварияға» ауысады

06.05.2020, 22:58
Футболдың қайта жалғасыу қиындап барады, масқара.
«Доп теп» топтамасы: Бундеслига қайтадан шегерілді, Сане «Баварияға» ауысады

Лорис Кариус енді "Ливерпуль" үшін тіптен ойнамайды. Liverpool Echo хабарлауы бойынша, түріктің "Бешікташы" 26 жастағы қақпашымен келісім шарт бұзған. Тіпті жыл басынан бері жалақы төлемей қойыпты. Бұл жағдайды ағылшын командасы айыптаса да, неміс ойыншысын ойын тұрмақ, дайындыққа қатыстырмайды деген ақпар бар. Кариусты жазда сатып жіберу жоспарларында бар екен. Оның "Ливерпульмен" келісімі 2022 жылы аяқталады. 

****

40 миллион еуро. «Бавария» «Манчестер Сити» ойыншысы Лерой Санемен келісімге келді. Бұл туралы спорт билд басылымы жазады. Футболшыға 5 жылдық келісім шарт ұсынылған екен. 24 жастағы шабуылшыны мюнхендік клубтың Оливер Кан және Хасан Салихамиджич сияқты өкілдері өз қатарына қосуға күш салған деседі. Сане биылғы маусымда жарақатына байланысты бір де бір рет алаңға шыққан жоқ. 

****

Ағылшын премьер лиганысың кейбір матчтері ютубтен тегін көрсетілуі мүмкін. Бұл туралсы сан газеті жазды. Соңғы рет ақысыз мұндай интернет трансляция 7 жыл бұрын болған. Негізгі деген матчтер бәрібір де көрсетілімді сатып алған Sky Sport пен BT Sport арқылы көрерменге жол тартады. Ал қалған ойындарды ютую арқылы тамашалауға болады дейді. АПЛ 12 маусымда жалғасады деп отыр. Бірақ, тұманды альбиондағы карантин жағдайы ескеріледі. Футбол басшылығы 5 апта уақыт сұрап отыр. Осы уақыт аралығында қалған 92 матчты өткізіп алуға жеткілікті екен. 

****

Бундеслига 15 мамырда басталады. "Рейтрес" агетттігінің ақпаратына сүйенсек, неміс канцлері Ангела Меркель министрлермен телефон арқылы байланысып, сақтық шараларын жеңілдетуді жайын ақылдаспақ. Осы мәселені талқалау барысында фубол маусымын жалғастыру да бар екен. Матчтар толық сақтық шаралары сақталумен және көрерменсіз өтеді дейді. Осыған дейін бундеслига 9 мамырда жанданады деген еді. Алайда кейін расталмады.  

****

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы? Бір қызық оқиға орын алды. "Щалькенің" қайтыс болды деген бұрынғы ойыншысы тірі болып шықты. Хианник Камба 2016 жылы жол көлік оқиғасында қаза тапқан болатын. Бірақ бұл өтірік екен. Ол қазір 33 жаста. Отбасымен Германияның Рур өңірінде тұратын көрінеді. Прокуратура бұл іс бойынша тергеуді бастап кеткен. Ол сақтандыру ақшасын алу үшін өз өлімін өтірік қолдан ұйымдастырған болуы мүмкін. Оның әйелі мемлекетке жалған құжаттар өткізгені үшін тергеліп жатыр. 

Айбек Қосан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×