Лаутароға талас басталды. МЮ мен «Реал» да сатып алғысы келеді

06.05.2020, 20:11
Лаутаро Мартинес қазір ең қызықты трансфер нысанына айналды.
Лаутароға талас басталды. МЮ мен «Реал» да сатып алғысы келеді

"Интер" футболшысы Лаутаро Мартинеспен келіссөздер жүргізген "Барселона" енді клубпен келісімге келе алмай отыр. "Интер" басшылығы "Барсадан" 111 миллион еуро сұрап отыр. Ал "Барсада" әзірге ондай ақша жоқ. Оның үстіне қазір Мартинесті сатып алғысы келетін тағы екі клуб пайда болып отыр. Олар МЮ мен "Реал". Екеуі таласқа түссе онда, "Интер" аукциондағыдай кім көп береді соған сатуы ықтимал. Бірақ, Мартинестің өзі Мессимен бірге ойнағысы келетінін айтты. 22 жасар Аргентина құрамасының ойыншысы отандасының қасына барғысы келетінін ұялмай айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×