Вирус жаңалықтары: «Реал» вице-президенті дүниеден озды, Бундеслига бірінші бастайды

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
06.05.2020, 08:01
Вирус қашан тоқтайды, ағайын?
Вирус жаңалықтары: «Реал» вице-президенті дүниеден озды, Бундеслига бірінші бастайды

"Реал" вице-президенті мен "Фламенго" клубының массажисті дүниеден озды. "Боруссия" М командасында екі адам вирус жұқтырыпты. Ал "Эрцгебирге" клубы түгел карантинге жабылды. Ругани мен Матьюди вирустан жазылып шықты. "Комо" командасының қақпашысы індетке шалдықты. Германия билігі Бундеслига жалғаса берсін деп шешім шығарды. Пандемияның кесірінен "Барселона" 120 миллион еуродан қағылды. "Шалькенің" экс-ойыншысы қайтыс болған деген ақпарат өтірік болып шықты. Футболшы кеше ғана тірі табылды.

"Реал" Мадрид клубының бұрынғы вице-президенті Амадор Суарес вирустың кесірінен 76-жасында дүниеден озды. Ол 2006-2007 жылдары "Реалда" вице-президент қызметінде болған. "Фламенго" клубының массажисті Жоржиньо 68 жасына қараған шағында қайтыс болды. Ол Бразилия клубында 40 жыл қызмет етті. "Эрцгебирге" командасының бір ойыншысынан вирус табылып, бүкіл команда карантинге жатқызылды. Бұл команда екінші лигада ойнайды.

Италиядағы "Комо" клубының қақпашысы Пьер Боличчи вирус жұқтырды. 21 жастағы қақпашының туыстарының бірі ауруханада істейді екен. Сол кісіден вирус қақпашыға да жұғыпты. "Ювентустың" екі ойыншысы Блез Матьюди мен Даниеле Ругани 15 сәуір күні вирустан айыққан екен. Алайда, содан бері карантинде болуы тиіс еді. Енді міне, олар үйлеріне қайтып жаттығу жұмыстарына оралса болады. "Юве" үшін бұл қуанышты жаңалық.

"Манчестер Ситидің" жеке клубтық ұшағы қазір жүк тасымалына жегілді. Бұл ұшақтың көмегі көп тиіп жатыр. Осыған дейін әуе кемесі Судан мен БАӘ елдерінен 24 мың тонна азық-түлік тасып үлгеріпті. Испания футболында жақсы жаңалықтар бар. "Реал" мен "Барса" жаттығуға кірісетін болды. Олар бүгін вирусқа анализ тапсырады. Айтпақшы, Федор Смолов Виго қаласына ұшып келді. Ол "Сельта" сапында тағы бір маусым қаламын деп айтыпты.

АПЛ клубтарының дәрігерлері жауапкершілік алудан бас тартты. Матчтың алдында және соңында олар тексеріс жүргізуі тиіс болатын. Енді олар бас тартқан соң лига клубтары сақтандыру агенттіктерінің көмегіне жүгінбек. Егер кімде кім вирус жұқтырса, ол қомақты қаржы алуы тиіс. Германия билігі Бундеслига жалғаса берсін деп шешім шығарды. Матчтар 15 мамыр күні өтуі тиіс. "Барселона" командасы вирусқа тексерілді, ешкімде індеттің белгілері жоқ болып шықты. Енді команда жаттығу жұмыстарын бастаса болады. Клуб осы індеттің кесірінен 120 миллионға жуық еуродан қағылды. Матчтардың өтпегендіге байланысты 50 миллионнан қағылса, 39 миллион еуро көлеміндегі қаржы телекөрсетілімнен түсуі керек еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×