"Достастық кубогі - 2012". Соңғы сөз

08.02.2012, 01:26
"Достастық кубогі - 2012". Соңғы сөз

Санкт-Петербургте аяқталған "Достастық кубогі - 2012" турнирі қазақстандық БАҚ арасында үлкен резонанс туғызып, көптеген сұрақтарды көлбеңдетті. Сондықтан, турнирдегі көрсеткішіміз бен командамыздың ойын өрнегін иненің көзінен өткізіп, сабақтап, сараптап көрсек деп едік.

Меніңше, турнирде 7-орыннан көрінуіміз құраманың шынайы келбетін ашпайды. Әлбетте, біз кем дегенде үздіктер квартетінен орын алуға лайық едік.Турнирді тамашалаған ТМД елдерінің сарапшы мамандары да осындай пікірде. Мәселе жігіттеріміздің жолын бөгеген Қазақстан - Белоруссия кездесуіндегі ресейлік арбитр Виталий Анисимовтың ерекше төрелік ету мәнерінде емес. Шындап келгенде "Достастық кубогі - 2012" турниріндегі жігіттеріміздің жас та болса, сенімді, жарқын ойын өрнегі футбол мамандарының жоғарғы бағасын алды. Назар аударыңыздаршы, Түркмения мен Эстония футболшыларына қарсы жастарымыз тек шеберліктерімен ғана көзге түсіп қоймай, ерекше мінез көрсетіп, жеңіске деген жігерлік танытты. Азиялық құрамаға қарсы ойында жеңіліп жатып, жеңіске жетті. Прибалтикалық командаға қарсы ойында бір ойыншымыздың алаңнан қуылғанына қарамастан, жарты сағат кем ойыншымен айқасып, ақыры жеңіске жеттік. Футболшылардың қорғаныстан шабуылға жылдам ауысуы, тактикалық жүйе, ойын өрнегіндегі көрегенділік – міне, осылайша біздің құрама көрерменнің көзайымына айнала алды. Ал ойыншыларымыздың бірқатары футбол агенттерінің тізіміне түсті. Топтық кезеңдегі тағдыр тәлкегіне салынған ойындар жанкүйерлер мен мамандардың арасында үлкен дау тудырған матчта да жалғасын тапты. Кездесудегі бас төрешінің әрекеттеріне баға бермеймін. Бірақ ҚР БАҚ-тарында кеңінен таралған біздің ашық хатымызға РФО-ның ресми жауабын күтеміз.  Бір ғана айтарым, РФО-ның Төрешілік және инспекторлық департаменті Қазақстан - Белоруссия матчында төрелік еткен бас қазы Анисим мырзаның қызметін қанағаттанарсыздық деп бағалады. Ал осы Департаменттің жетекшісі Роберто Розетти мырза аталмыш матчта ойын тағдырын шешкен бірнеше қателіктердің болғанын айтты. Қазіргі таңда бұл мәлімдеме ҚФФ-ның ресми хатына берілген РФО-ның жауабына қосылды. Екі негізгі футболшымыздан айрылып, "қансырап" қалғандарына қарамастан футболшыларымыз еңселерін түсірген жоқ. Қайта соңына дейін айқасып, есепті қысқартты. Тіпті, қарсыластың 11 жігітен қарсы 9-ақ ойыншымен ойнағанымызға қарамастан матчты тең есеппен аяқтауға да жақын қалды. Есте қалғаны, Қазақстан - Белоруссия матчынан кейін турнирдің қалған ойындарына ел қоғамының қызығушылығы бірден түсіп кетті. Отандық футбол сүйер қауымның мінезіне тән әділдік сезімдерінің, ашу-ызаларының асқынуы оларға турнирді бұрынғыша тамашалауға ерік бермеді. Белоруссиямен болған ойыннан кейінгі футболшыларымыздың психологиялық халіне назар аударыңыздаршы. Моральдық тұрғыда құлазыған жігіттеріміз өздерінен деңгейі әлдеқайда төмен Литваға пенальтиден жол берді.  Алайда, ширек финалда алаңнан қуылған негізгі ойыншыларымыз Дәуітов пен Исламханның осы ойында жетіспегенін ұмытпаған жөн. Турнирден не ұттық? Біздің жасөспірімдеріміз бен жастарымыз өте азулы спарринг-қарсыластарға зәру. 16-21 жас аралығындағы жігіттеріміздің халықаралық аренадағы тәжірибесіздігі олардың футболшы ретінде өсуіне көп жағдайда кедергі келтіріп жатады. Сондықтан, клубтық форматтан жастар құрамаларының арасындағы турнир ретінде өзгеруі меніңше, табылған ақыл.

Халықаралық аренада алты командамен жоғары деңгейлі алты ойын өткізу арқылы, жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің аясындағы қалған төрт ойынымыздың алдында зор тәжірибе жинақтадық.

Әлбетте, "Достастық кубогінің" келесу турнирлеріне қатысамыз. Қазақстан, Белоруссия және Ресей елдерінің арасындағы ынтымақтастықты көрсету үшін де саяси тұрғыдан алғанда біздің бұл турнирге қатысуымызды міндеттейді. Өздеріңіз білетіндей, Кедендік одақтан бөлек, біздің мемлекеттеріміз Біріңғай экономикалық аймақта да жақындасады. Сондай-ақ спорт та бірлікті нығайтудың даңғыл жолы. Сондықтан, осы тұрғыдан алғанда да бұл турнирдің маңызы өте жоғары. Әзірге әлемдік рейтингте биік орындардан көрінбеуіміз — халықаралық аренада рейтингі өзімізден жоғары командалардан әлдеқайда озық ойын үлгісін көрсетіп жатқан кезімізде төрешілерді де, мамандарды да біраз терлетіп жатады. Осы жолы да солай болды. Ойынымызбен, жұмысымызға кәсіби тұрғыда қарауымыз арқылы біз өзіміздің бекемдігімізді, мақсатымызға жете алатындығымызды дәлелдейміз. Жақын уақытта жағдайымыз түбегейлі өзгереді. Біздің барлық жастардағы құрамаларымызбен барлық елдер санасатын болады. Өзіміздің бұрыннан да бекем болғанымызға сенімдімін. Ал келесі жылы ешкім қандай да бәр әдістермен аяғымызды шала алмайтындай ойын өрнегін көрсетуге тырысамыз. Ол үшін басқалардан әлдеқайда биік тұрып, озық ойын үлгісін көрсетуіміз керек.

ҚФФ вице-президенті Виктор Катков

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×