Бүгін Петерборда футболдан «Достастық кубогы» жолындағы бәсеке басталды. Бұл дүбірлі додаға биыл әр елдік чемпиондары емес, жастар құрамасы аттанғанын білесіздер. Біздің елдің жастары да ел намысын арқалап солтүстікке қарай жол тартқан.
Жаңа осы сағатта жастар құрамасы алаң иелеріне қарсы ойнап, жеңіліске ұшырады. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы - Антон Заболотный. Ертең біздің құрама Түркмениямен күш сынасады. Түркмендер бүгін күтпеген жерден Эстонияны ұтып кетті – 1:0.
Слободан Крчмаревич баптайтын құрама Санкт-Петерборға мына құрамда аттанған еді.
Қақпашылар: Самат Отабаев (“Ордабасы”), Денис Овсянников (“Астана”), Сергей Ткачук (“Шахтер”).
Қорғаушылар: Нұржарық Күнов (“Қайрат”), Ринат Баянов, Елдос Ахметов, Дмитрий Шомко ( үшеуi де “Ертiс”), Евгений Горячий (“Шахтер”), Михаил Габышев (“Восток”) Дамир Даутов (“Астана”), Абзал Бейсебеков, Дмитрий Мирошниченко (“Ақтөбе”).
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат (“Астана”), Евгений Азаматов (“Шахтер”), Бауыржан Исламхан (“Тараз”), Асхат Тағыберген (“Қайсар”), Евгений Левин (“Ордабасы”), Абылайхан Ескендiров.
Шабуылшылар: Денис Прокопенко (“Астана”), Бауыржан Жолшиев (“Тобыл”), Сергей Лисенков (“Ақтөбе”), Алексей Щеткин (“Жетiсу”), Сергей Хижниченко (“Шахтер”).