Рәпетсіз рейтингке алданбайық

20.01.2012, 20:49
Рәпетсіз рейтингке алданбайық

Осы біздің футболсүйер оқырмандар ФИФА рейтингісіне қарап жау шаптырғанға құмар. "Қазақстан 130 орында екен, Сингапур, Сомалилерден төмен екенбіз деп" жатады. Негізінде ол солай ма? Сол рейтинг біздің футболдың нағыз бет-бейнесін ашады ма деген сұрақ кесе-көлденең шыға қалады. Ойланып көрелік.

Кезінде Қазақстан сол рейтингте Гвинея, Гаити, Иордания сияқты командалардан төмен тұрды. Ол қазірде солай. Рейтингте біз олардан әлдеқайда төменбіз. Мысалы, біз 1999-жылы Иордания командасын Азияда жүрген кезде аса қиындықсыз ұта беретінбіз. Енді Еуропаға кіргеннен кейін мұндай құрама командалар бізге тіпті, қарсылас емес. Сол секілді Гвинея, Гаити құрамалары да біздің деңгейге сәйкес келе қоймас. Ең бастысы біз бұл жерде Еуропалық құрама командалар арасында қаншасыншы орындамыз. міне, соған мән беру қажет. Десе де, оның өзі кейде аралық уақыт ішінде көз алдауы ықтимал.

Мысалы, Фарер аралдары бізден жоғары ғой. Олар соңғы рейтингете 114-орында болды. Ал, біз сол жаңартылған рейтингте 139-орындамыз. Арамызда бақандай 25 саты бар. Ал жақын арада біз дәл осы "карлик" құрамамен күш сынасатын боламыз. 6 ұпайды еншілесек деп отырмыз. Мақұл, делік сырт алаңда Фарерды жеңу оңайға тимес, дегенімен бұл арадағы 25-саты бар екендігін айтпайды ғой. Керісінше. Мүмкін біз бұл құрамадан 25-саты жоғары тұруымыз керек шығар.

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің кестесі бойынша, Қазақстан «А» іріктеу тобында. Осы топтағы Германия (3), Швеция (17), Ирландия (23), Австрия (71), Фарер аралдары (114) құрамаларымен бақ сынасады.   

Демек, мұндағы ұпайды құраманың әрбір өткізген ұпайларына қарап қоймақ. Жолдастық кездесудің нәтижелері де осы рейтингте көрініс тауып отырады. Қазақстан құрама командасы әзірге осы жағынан ғана сәл қалып отыр. Соңғы іріктеу сынында эксперименттерге де бардық, тәуекелге де бардық. Бастысы - ұпай үшін емес, болашақ құрама команда жасау үшін талпындық. Енді-енді ойын бейнесін құрып, көз алдымызға еуропалық футболдың сұлбасы елестей бастады. Демек, рейтингке қарап бүкіл елдегі футболды құрдымға жіберу дұрыс емес. Егер, дәл Қазақстанда футболды дамытуға жасалынып жатқан қадамдар мен нақты осы күнгі жағдайымызда өзге елдермен салыстырып алып қарайтын болсақ, Қазақстан осы рейтингте алғашқы 50-елдің қатарында болуы тиіс. Бұл менің шамалап алғандағы ойым.

Ермұхамед МӘУЛЕН 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×