«Достастық кубогы» халықарылаық турнирі келер жылдың 15-23 қаңтар аралығында Санкт-Петербург қаласында өтетін болды.
2008 жылы дәл осы қалада өткен турнир биыл тарихи шаһарға қайта оралды. Жарыс ойындары«Петербургский» және «Зенит» спорт кешендерінде ойналады. Оған «Зенит» (Санкт-Петербург, Ресей), «Шахтер» (Донецк, Украина), «Бунедкор» (Ташкент, Өзбекістан), «Экранас» (Паневежис, Литва), «Искра-Сталь» (Рыбница, Молдова), «Интер» (Баку, Әзірбайжан), «Сконто» (Рига, Латвия), «Шахтер» (Солигорск, Белоруссия), «Флора» (Таллин, Эстония), «Истиклол» (Душанбе, Тәжікістан), «Нефтчи» (Кочкор-Ата, Қырғызстан), «Пюник» (Ереван, Армения), «Небитчи» (Балканабад, Түркменістан), «Тобыл» (Қостанай, Қазақстан), ХИК (Хельсинки, Финляндия), сонымен қатар Ресей жастар құрамасы.
Бұл доданың ашылу салтанатына ФИФА президенті Зеп Блаттер мен УЕФА басшысы Мишель Платини келеді. Өткен жылғы жеңімпаз «Рубиннің» жолын бұл жолы кім қайталай алар екен деген сұрақ басым. Десе де алдағы уақытта топқа бөлу жеребесінен кейін көп сұрақтың беті ашылып қалуы да мүмкін. Турнирге төрешілік ететін тек ресейлік төрешілер ғана.