Джесси Лингард өткен маусымдағы нәтижелі ойынының құпиясымен бөлісті

21.07.2021, 16:37
Сульшер бұл футболшыға екінші мүмкіндік беруі тиіс.
Джесси Лингард өткен маусымдағы нәтижелі ойынының құпиясымен бөлісті

«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушы Джесси Лингард өткен маусымның екінші жартысында «Вест Хэмге» жалға беріліп, лондондық клуб үшін 16 кездесуде 9 гол мен 4 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Англия құрамасының футболшысы осындай нәтижеге жетудің құпиясымен бөлісті.

Джесси өзінің инстаграм парақшасында өткен маусымдағы ойындарды талдауға көмектескені үшін Греция жастар құрамасының жаттықтырушысы Александрос Алексиадиске алғыс айтты. Сондай-ақ жыл басынан бері тілектер мен статистикалар жазылып келген тақтасын көрсетті.


Джесси 2.0 деп аталатын тақтаға 6 гол және 4 пас, Еуропа чемпионаты деген сөздер жазды. Ол кестені әр қарсыласқа соққан голдармен, пастармен, соққылармен толтырды. Футболшы Еуропа чемпионатына баруға өте жақын болды, бірақ соңғы сәтте Гарет Саутгейт оны тізімге қоспады.


Екінші тақтада ойыншы өзін шабыттандыратын хабарламаларды жазды: отбасы, жеңімпаз, мотивация, сенім, берілмеу, тәуекелге бару және т.б.


Және оның бұл әдісі нәтиже берді десек те болады. Осындай керемет маусым өткізген ойыншы Манчестерде екінші мүмкіндікке ие болады деп болжануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×