Джон Грегори Қазақ футболындағы алғашқы ағылшындық бапкер

13.06.2011, 23:38
Джон Грегори Қазақ футболындағы алғашқы ағылшындық бапкер

Чарльз Джон Грегори 57- жастар ағылшындық азамат. "Қайрат" футбол клубыменен 2013-жылға дейін келісімшартқа отырды. Негізгі мақсаты - жаңадан команда жасақтау, соның аясында ол команда премьер-лигада жоғарғы орындарға таласуы тиіс. Ол Англияда "Портсмут",  "Астон Вилла", "Дерби Каунти", "Плимут Аргайл", "Уйкомб Уондерерс" және "Куйнз Парк Рейнджерс" командаларын жаттықтырған.

Ал, соңғы жылдары ол Израильде қызмет еткен. "Маккаби Ахи" мен "ФК Ашдод" командаларын жаттықтырған. "Маккаби Ахи" командасын Грегори жоғарғы топта сақтап қала алмай оны төмен деп саналатын Леймут лигасына түсіріп жіберген. Сосын ағылшындық бапкер "Ашдодпен" 3 жылға келісімшартқа отырған. 1999-2000 жылдары "Астон Виллада" өнер көрсеткен Гарет Саутгейт сол кезде дәл осы Джон Грегоридің қоластында ойнаған екен.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×