Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Джон ван ’т Схип ел футболындағы селекциялық жұмыстар аясында Түркістан қаласында өткен Чемпиондар лигасының іріктеу матчына қатысты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Аталған кездесуде Aлматылық "Қайрат” Болгариялық "Левски” командасымен бақ сынасты.
Нидерландтық маманның стадионға арнайы келуі ойыншылардың қазіргі бабы мен физикалық формасын тікелей бағалауға мүмкіндік береді. Бас бапкер елдің басты командасына үміткерлерді іріктеу мақсатында тек халықаралық деңгейдегі ойындарды ғана емес, сонымен қатар ұлттық біріншілік матчтарын да жіті бақылауды бастаған.
Айта кетейік, бұған дейін Джон ван ’т Схип Қазақстан Премьер лигасы аясында өткен “Жетісу” – “Ордабасы”, “Астана” – “Оқжетпес” кездесулерін тамашалаған болатын.
Осылайша, Ұлттық құраманың жаңа жетекшісі ел чемпионаты мен халықаралық аренадағы ойындарды сараптай отырып, құраманың болашақ құрамын жасақтамақ.