Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында өтетін Солтүстік Македонияның "Шкендия" және Шотландияның "Хиберниан" клубтары арасындағы қарымта кездесуде Қазақстандық төрешілер қызмет етеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
13 тамызда өтетін бұл ойынның бас төрешісі болып Болат Сәриев бекітілді. Оған қапталдағы төрешілер ретінде отандастары Сергей Васютин мен Денис Лабашов көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Данил Горда атқарса, VAR жүйесіне Айдын Тасыбаев жауапты болады. VAR ассистенті ретінде Венгриялық Тамаш Богнар тағайындалған.
Қос команда арасындағы алғашқы ойын 6 тамызда Эдинбургте өтіп, 2:1 есебімен "Хибернианның” пайдасына аяқталған болатын. Ол кездесуге Кипрден келген төрешілер бригадасы қазылық еткен еді.
Қазіргі таңда "Шкендия” өз алаңында қарымта қайтаруды көздеп отыр. Олар бұған дейінгі кезеңдерде "Европа" (6:0) және "НК Браво" (3:1) клубтарын жеңіп, жақсы дайындықпен келген. Алайда, Шотландиялық ұжым да соңғы уақытта "Рейнджерс” секілді мықты қарсыласты жеңіп, бабында екенін көрсетті.
Осындай тартысты матчта Қазақстандық төрешілердің қызмет етуі отандық футбол мектебі мен төрешілер корпусы үшін үлкен сенім әрі мәртебе болып табылады. Төрешілердің шешімі бұл жұптың келесі кезеңге кімнің өтетінін анықтауда маңызды рөл атқармақ.