Джурахон Бабаханов: «Биыл мақсатты орындамадық, бірақ нашар ойнадық деп те айта алмаймын»

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
28.12.2020, 22:02
«Тараз» қақпашысы «AlaDop» ютуб арнасына сұқбат берді.
Джурахон Бабаханов: «Биыл мақсатты орындамадық, бірақ нашар ойнадық деп те айта алмаймын»

"Тараз" клубының қақпашысы Джурахон Бабаханов маусымды қорытындылады.

- Мұнда балаларға шеберлік сыныбын өткізу үшін келдім. Жас жеткіншектерді жаттықтыру маған да қызық. "Атлант" клубының бапкерлері менің достарым. Солар мені шақырды. Жас қақпашыларға бар білгенімді үйретуге тырысып жатырмын.

- Осындай іс-шараларға жиі қатысып тұрасыз ба?

- Әлбетте, шақырған кезде қалмауға тырысамын. Балалармен өткізген ойын, жаттығу барлығы да қызық қой. Балалар біздің ертеңгі болашағымыз емес пе?

- Ал жанкүйерлер "Тараз" футбол клубындағы жаңалықтарды білгісі келеді. Команда келесі маусымға қалай дайындалып жатыр? Оқу-жаттығу жиындарына бара ма?

- Өткен жылы біз алтылыққа ену деген мақсат қойдық. Сәл жетпедік. 8-орынмен біріншілікті аяқтадық. Дегенімен нашар өнер көрсетпедік. Пандемия әсер етті. Биыл 15 желтоқсаннан бастап 27 желтоқсанға дейін Тараз қаласында жиын өткіздік. Бұл жиынға тек жергілікті футболшылар ғана қатысты. Енді жаңа жылдан соң барлығы шетінен анықтала бастайды. Келесі маусымда жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×