«Таразда» уақытша жаттықтырушылар құрамы жасақталды

28.12.2020, 20:55
Жаңа бапкер жаңа жылдан кейін тағайындалатын болады.
«Таразда» уақытша жаттықтырушылар құрамы жасақталды

Оқу-жаттығу жиындарының алдындағы жаттығулар мен келесі маусымға дайындықты пысықтау кезеңіне арнайы «Тараз» футбол клубында уақытша мерзімге жаттықтырушылар тағайындалды.

Қазіргі уақытта жанкүйерлерге жақсы таныс жамбылдық футболшылар Сергей Тагиев, Александр Кучма, Самат Наурызбаев, Арслан Сатубалдин секілді мамандар жергілікті жастармен жұмыс жасауда.

Команданың бас бапкері тағайындалғанша бұл азаматтарға жүктелген міндет – маусымаралық үзіліс кезінде ойыншылардың физикалық формасының сақталуына еңбек ету.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×