Э. КЕНЖИСАРИЕВКЕ ТАҒЫ БІР ОТА ҚАЖЕТ

05.09.2013, 23:34
Э. КЕНЖИСАРИЕВКЕ ТАҒЫ БІР ОТА ҚАЖЕТ
Алматыда ауыр соққыға жығылған «Ақтөбе» футболшысы Эмиль Кенжисариев жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, Эмильге тағы бір ота жасау керек. Бұл туралы Sports.kz. газеті хабарлады.
Бірнеше аптадан соң Кенжисариевке Германия немесе Израиль клиникаларының бірінде қайта ота жасалмақшы. Қазір 25 жастағы футболшының денсаулығы  бір қалыпты, бірақ сауығу үрдісі байқалмайды. Дәрігерлердің айтуынша, Эмиль кейде есін жинайды, бірақ әзірге сөйлей алмайды. Кенжисариевтің клубтастары мен достары қымбат отаға қажет қаржыны жинап беруді ұйғарыпты. Ол үшін кемінде 50 мың доллар қажет көрінеді. «Ота жасалған соң ол алаңға орала ма жоқ па? » Бұл сұраққа жауап беру қиын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×