EA FC 27 ойынында Дастан Сатпаевтың рейтингі мен сипаттамалары белгілі болды

Бүгін, 10:04

EA FC 27 футбол симуляторының жаңа бөлімінде Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың жалпы рейтингі мен негізгі көрсеткіштері анықталды, деп хабарлайды Aladop.kz.

EA FC 27 ойынында Дастан Сатпаевтың рейтингі мен сипаттамалары белгілі болды

18 жастағы форвардтың ойындағы бастапқы рейтингі 63-ті құрайды. Ойынды әзірлеушілер Сатпаевтың әлеуетін (potential) 81 баллға бағалаған, бұл оның бастапқы рейтингінен айтарлықтай жоғары және болашақта үздік ойыншылардың қатарына қосылу мүмкіндігін білдіреді. Ол Карьера режимінде (Career Mode) таңдау үшін қолжетімді болады.

Ойында Сатпаев орталық шабуылшы (ST) позициясында өнер көрсетеді. Ол Лондондық "Челси" ойыншысы ретінде көрсетілген. Дастан осы жазда "Челси” сапына қосылып, маусым алдындағы төрт ойынға қатысып, бір гол соғып үлгерді.

18 жасқа толғаннан кейін ол Лондондық клубпен 2033 жылға дейін келісімшартқа отырды. Қазіргі таңда Сатпаев тәжірибе жинақтау мақсатында Чемпионшипте өнер көрсететін "Бёрнли” клубына жалға беріліп отыр.

EA FC 27 ойынының ресми шығуы қыркүйек айының соңына жоспарланған. Бұл ақпарат Cmtrackernet деректеріне сүйене отырып жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×