“Бёрнли” Сәтпаевпен бәсекелес болатын футболшы үшін рекордтық сома төлеуге дайын

Бүгін, 11:38

Ағылшынның "Бёрнли" клубы Польшалық "Заглембе" (Любин) командасының 19 жастағы вингері Марцель Регуланы өз қатарына қосуға ниетті, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Бёрнли” Сәтпаевпен бәсекелес болатын футболшы үшін рекордтық сома төлеуге дайын
Marcel Reguła

Бұл трансфер "Бёрнли” сапындағы Сатпаев үшін жаңа бәсекелестің пайда болуын білдіреді.

"Заглембе" клубының президенті Павел Еж "Бёрнлиден” ресми ұсыныс түскенін және қазіргі уақытта қаржылық шарттарды талқылау аяқталуға жақын екенін растады. Оның айтуынша, егер бұл ауысу жүзеге асса, ол клуб тарихындағы ең қымбат трансфер болмақ. Бонустарды есепке алғанда, трансфер сомасы 7 миллион еуродан айтарлықтай асады деп күтілуде. "Бёрнлих басшылығы бұл қадам арқылы Премьер лигаға қайта оралу амбициясын іске асыруды көздеп отыр.

Марцель Регула — "Заглембе" академиясының тәрбиеленушісі және 2024 жылдан бастап негізгі құрамда өнер көрсетеді. Осы уақыт ішінде ол, негізгі құрамда 46 матч өткізіп, 9 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Польшаның жасөспірімдер құрамасында 7 ойынға қатысып, 2 гол соққаны тағы бар.

Айта кетерлігі, бұған дейін жас талантқа Германиялық алпауыттар — "Боруссия Дортмунд” және "Кёльн” клубтары қызығушылық танытқан болатын. Ендігі кезекте талантты вингер өзінің мансабын Англияның Чемпионшипінде жалғастыруы әбден мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×