Эдегор: "Роналдудан үлгі алуға тырысамын"

11.11.2015, 20:52
Эдегор: "Роналдудан үлгі алуға тырысамын"
"Реал Мадрид" командасының жартылайқорғаушысы, норвег футболының жас таланты Мартин Эдегор, патшалық клуб тарихындағы үздік сұрмерген Криштиану Роналдуды үлгі тұтады. Скандинавия түбегінің өкілінің айтуынша, португал футболшысы өзіңе бірнеше пайдалы кеңестер беріп үлгерген көрінеді. Айта кетсек, БАҚ өкілдері Эдегор қысқы трансфер маусымында команда ауыстыруы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Жиі алаңға шығып, үлкен футболдың дәмін тату үшін 16 жасар Мартин басқа командада жалда ойнауы мүмкін. "Роналду маған бірнеше пайдалы ақыл-кеңестер айтты. Екеуміз бірге жаттыққанда, оны жиі бақылап, оған ұқсауға тырысатынымды жасырмаймын. Роналдудың мені мақтағанын есіттім. Мен үшін бұл үлкен құрмет"-деді Мартин Эдегор Норвегияның NTB телеарнасына берген сұхбатында.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×