Жақында лондондық клуб "Челсидің" бас бапкері Жозе Моуриньодан, Азармен келісім-шарт қашан ұзартылады дегенде, өзіме жаңа, қымбат қалам сатып алғанда деп жауап қатқан еді. Көріп отырғанымыздай, португалиялық бас бапкердің таңдауы ұзаққа созылмапты.
Клубтың ресми сайтының хабарлауынша, бүгін 12-ші ақпан күні бельгиялық аяқдопшы 5,5 жылға дейін жарамды құжатқа қол қойыпты. Ешқашан да Лондонда өзің жайсыз сезінбегінін, жанкүйерлер мен басшылықтың, Жозенің үмітін аяқтауға барын салатынын айтып, ұзақ мерзімге "Челсиде" қалатынына қуанышты екенін жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, 24 жасар жартылайқорғаушы "ақсүйектер" сапында үшінші маусымын өткізіп отыр. 2012-ші жылы Францияның "Лилль" клубынан ауысып келген еді. Азар осы уақытқа дейін, Ағылшын Премьер-Лигасында 94 мәрте алаңға шығып, 32 голдың авторы атанып, 28 мәрте нәтижелі пасымен көзге түскен.