Қазақстан Суперкубогының сайты іске қосылды

13.02.2015, 18:46
Қазақстан Суперкубогының сайты іске қосылды
Бүгін Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін матчқа арналған сайт толыққанды жұмысын бастады. «Астана» мен «Қайрат» арасындағы матч  1 наурызда «Астана-Арена» стадионында өтеді. Сайтта 1995 жылы басталған Қазақстан Суперкубогы ойындары жөніндегі барлық мәліметтерді алуға, командалардың соңғы жаңалықтары мен ойыншыларының тізімімен танысуға болады. Сонымен қатар, «Астана» мен «Қайрат» клубтарының Суперкубок матчына жеткен жеңісті жолы көрсетілген.  Интернет ресурс www.supercup2015.kz  мекенжайы бойынша іске қосылды. ҚФФ баспасөз қызметі
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×