Кислицын «Ертіске», Хомич «Амкарға» ауысты

14.02.2015, 01:11
Кислицын «Ертіске», Хомич «Амкарға» ауысты
Алматылық «Қайраттың» ойыншылары Александр Кислицын мен Дмитрий Хомич клубтарын ауыстырды. Қорғаушы Александр Кислицын алдағы маусымда «Ертістің» намысын қорғайтын болады. Қазақстанның бес дүркін чемпионы сапында барлық оқу-жаттығу жиынына қатысқан Кислицын бүгін павлодарлық клубпен келісім-шартқа отырды. Ал қақпашы Дмитрий Хомич Ресей чемпионатына қайта оралды. 30 жастағы мәскеулік «Спартак» пен «Аланияның» бұрынғы голкипері 2014/2015 жылғы маусым аяқталғанша «Амкармен» келісім-шартқа отырды.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×