Уругвай құрамасының шауылшысы Эдинсон Кавани «Манчестер Юнайтедтен» кету туралы шешім қабылдады.
34 жастағы уругвайлық футболшы «Барселонаның» ұсынысын қабылдауға бел буды. Кавани қаңтарда каталондық клубпен келісім-шартқа отырғысы келеді.
Айта кетейік, Каваниге «Бока Хуниорс» командасынан ұсыныс түскен, бірақ шабуылшы агентіне «Барселонаға» ауысқысы келетінін ашық айтқан екен.
Эдинсон осы маусымда негізгі құрамға іліге алмауда. Премьер-лигада небәрі 5 ойынға қатысып, 1 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET