Андрей Шевченко «Дженоа» клубында антирекорд орнатты

18.12.2021, 22:08
Украиналық маманның Италияда жолы болмауда.
Андрей Шевченко «Дженоа» клубында антирекорд орнатты

А сериясының 18-туры аясындағы ойында «Лацио» өз алаңында «Дженоаны» қабылдады. Кездесу Римдегі «Олимпико» стадионында өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.

Осылайша, «Дженоаның» бас бапкері Андрей Шевченко А сериясының алғашқы алты кездесуінде жеңіске жете алмай, италиялық клуб сапында антирекорд орнатты. Естеріңізге сала кетейік, украиналық бапкердің жетекшілігімен «Дженоа» бес кездесуде жеңіліп, «Удинеземен» болған матчта тең ойнады (0:0). Шевченко шәкірттері тек Италия кубогінің 2-ші раундында «Салернитанамен» өткен ойында жеңіс тойын тойлады (1:0).

Шевченко 7 қарашада «Дженоаның» бас бапкері атанды. Бұған дейін бапкерлік мансабында Шевченко тек Украина құрамасын жаттықтырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×