«Қайрат» футзал клубының шабуылшысы Эдсон Қазақстан құрамасында өнер көрсетеді. Bookmakerreview.kz сайтына белгілі болғандай, бразилиялық ойыншы жақын арада еліміздің ұлттық құрамасында ойнау үшін Қазақстан азаматтығын алады
Еске салайық, 29 жастағы Эдсон футзалдан Қазақстан чемпионатының осы маусымдағы үздік сұрмергені болды, ойыншы 30 кездесуге қатысып, 39 гол соқты. Және осы күзде өтетін Әлем чемпионатына біздің елдің атынан қатысуы мүмкін.
Эдсон халықаралық аренада Қазақстанның атынан шығуды таңдаған алғашқы бразилиялық ойыншы емес. Қазірдің өзінде Игита, Дуглас, Тайнан және Лео секілді ойыншылар ұлттық құраманың намысын қорғап жүр және Қазақстан құрамасын оларсыз елестету мүмкін емес.
Біздің серіктес: FONBET