
"Мадридтік" клуб Бразилиялық жұлдызына Сауд Арабиясынан қызығушылық жалғасып жатқанына байланысты “Б жоспарын” дайындап қойыпты.
Винисиустың “Реалдағы” қазіргі келісімі шарты 2027 жылға дейін жалғасады. Алайда клуб оны тегін жіберіп алмау үшін алдағы айларда жаңа келісімшартқа қол қоюды көздеп отыр. Негізгі кедергі — Винисиустың жалақысын клубтағы ең жоғары жалақы алатын ойыншы болатындай етіп көтеру. Бұл дегеніміз Винисиусдың Килиан Мбаппе мен Джуд Беллингемнен де жоғары жалақы сұрауы. Алайда клуб президенті Флорентино Перес бұны қаламайтын сыңайлы.
Осы себепті Вини Сауд Арабиясына көшуге қызығушылық танытуда. Винисиустың агенттері өткен жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында Араб клубтарымен кездескен. Ал ақпанда Прагада Винисиустың өзі де кездесуге қатысқан еді.
Саудиялық ұсыныстың көлемі өте ірі, жалақысы 1 миллиард еуроға дейін жетіп, трансфер құны 300 миллион еуродан асуы мүмкін. Негізінен Винисиус "Мадридте” қалуды қалайды.
Sky Sports Germany журналисі Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, Винисиус кеткен жағдайда “Реалдың” басты мақсаты – Эрлинг Холанд болады.
Холанд 2025 жылдың басында “Манчестер Ситимен” келісімшартын 2034 жылға дейін ұзартқан. “Сити” ол үшін кемінде 150–200 миллион еуро талап етуі мүмкін.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET