Египет құрамасы жеңіп алған Африка кубоктары жоғалып кетті

08.09.2020, 20:49
Ұрылар үй тонауды қойып, кубок ұрлауға көшкен секілді.
Египет құрамасы жеңіп алған Африка кубоктары жоғалып кетті

Африка футбол конфедерациясы Египет футбол қауымдастығындағы оқиға туралы өзінің ресми Twitter парақшасында жариялады.

«Африка футбол конфедерациясы Египет футбол қауымдастығының хатшылығынан Африка Ұлттар кубогының трофейлері жоғалып кеткені туралы білді. Бұл жаңалық бізді таңдандырды. Біздің есіктеріміз ашық, қауымдастық осы баға жетпес трофейлерді іздеуде біздің қолдауымызға сене алады», - делінген хабарламада.

Египет құрамасы - Африка Ұлттар кубогының жеті дүркін жеңімпазы. Мысырлықтар кубокты алғаш рет 1957 жылы, ал соңғысын 2010 жылы жеңіп алды. Олар сондай-ақ 1959, 1986, 1998, 2006 және 2008 жылдары да дәл осы кубоктың иегері атанған еді. Сонымен қатар, ұлттық құрама екі рет турнирдің күміс жүлдегері (1962 және 2017 жж.) және үш рет қола (1963, 1970 және 1974 жж.) жүлдегері атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×