
Жуырда «Жеңіс» жейдесін киген испаниялық шабуылшы Мика Хунко ҚПЛ деңгейі мен футболшылары жайлы ой-пікірімен бөлісті.
Естеріңізге салсақ, 32 жасар футболшы Қазақстан кубогының ширек финалында «Астана» қақпасына гол салып, командасының жартылай финалға шығуына өз септігін тигізген. Одан бөлек, елордалық футболшы «Қайратқа» қарсы ойында да мергендігімен көзге түскен еді.
«Эмоциялар? Бәрі керемет! Қазақстандағы аяқ-алысыма ризамын. Сіздер айтқандай екі ойын – екі гол, әсіресе бүгін қуанышытымын, себебі менің голымның арқасында кездесу овертаймға ұласты. Ал одан ары қарай жартылай финалға өттік. Шексіз қуаныштымын!
Дәл қазіргі сәтке дейін Қазақстанда көргенімнің барлығы көңілімнен шығуда. Ұнағаны, мұндағы ойыншылар техникалық тұрғыда шебер екен. Команда сапына бірнеше апта бұрын қосылсам да, мықты қарсыластарға қарсы ойындарға қатысып үлгердім. Мұнда футболдың деңгейі жақсы деп айтқым келеді», - деді испаниялық футболшы.
Мигель Хунко «Жеңіске» дейін испаниялық «Расинг», «Альмудевар», «Сариньена», «Туделано», «Химнстик Сеговиана», швейцариялық «Люцерн», финляндиялық «КТП», камбоджалық «Свай Риенг» және малайзиялық «Негери Сембилан» командаларының намысын қорғаған. Нарықтық бағасы 100 мың еуро. Мигель Хункоға дейін ҚПЛ-де 10 испаниялық футболшының өнер көрсеткенін де қоса кетуге болады.
Біздің серіктес: FONBET