
«Астананың» бас директоры Қайсар Бекенов Sport+ телеарнасындағы Pluste Bol бағдарламасының эфирінде елордалық клубтың алдағы жоспарларымен бөлісіп, трансферлік мақсаттарын айтты.
«Құрамды күшейту жоспары бар, бірақ бәрі клубтың қаржылық жағдайына байланысты болады. Қазіргі уақытта жаңа футболшыларды бақылап отырмыз, кейбіреулері туралы нақты ақпарат жинап жатырмыз. Кейбір ойыншылардың келісімшарттарының аяқталғанын білеміз, алайда олардың өздері қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. Жаңа ойыншылар қосылады немесе командадан біреулер кетуі мүмкін деп нақты ештеңе айта алмаймын, себебі трансферлік терезе әлі ашылған жоқ», — деді Қ. Бекенов.
«Астана» ҚПЛ-2025-тің сегіз турынан кейін 18 ұпаймен 3-орынға жайғасқан. Келесі турда Григорий Бабаян шәкірттері 18-мамырда сырт алаңда «Ұлытаумен» шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: FONBET