
Nike компаниясы 2025/26 маусымына арналған "Челси" футбол клубының жаңа үй формасын кездейсоқ әлеуметтік желіде жариялап, кейіннен бұл жазбаны жойды.
Жаңа форма дәстүрлі көк түсті сақтап қалғанымен, жеңіл өрнекпен және жағасында ақ түсті бөлшектермен толықтырылған. Форманың алдыңғы жағында демеуші логотипі жоқ, себебі клуб қазіргі демеушісі DAMAC Properties-пен келісімшартты маусым соңында аяқтайды және жаңа, табысты келісімшарт іздеуде.
"Челси” қазіргі уақытта Премьер лигада бесінші орында тұр және Чемпиондар лигасына қатысу үшін күресуде. Клубтың келесі матчтары 17 мамырда "Манчестер Юнайтедке” қарсы және маусымның соңғы күнінде "Ноттингем Форестке” қарсы өтеді. Сондай-ақ, 28 мамырда Конференция лигасының финалында "Реал Бетиске” қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET