Екі түрлі жас көрсеткіші бар әлемдегі жалғыз жартылай қорғаушы кім?

02.06.2023, 18:34
2013 жылы «Лацио» жастар құрамы Джозеф Минала есімді 16 жасар камерундық жартылай қорғаушымен толықты. 2014 жылдың жазында африкалық бұқаралық ақпарат құралдары Миналаны шын мәнінде «42 жаста» деген ақпарат таратқанға дейін ойыншы топтан ерекшеленген емес.
Екі түрлі жас көрсеткіші бар әлемдегі жалғыз жартылай қорғаушы кім?

Бұл мәселе Италия футбол қауымдастығына жетіп тергеу жүргізілді. Тергеу барысында ешқандай алаяқтық белгілері табылмады және де Джозефтің шын мәнінде жасы 17-і де екені анықталды.

Бірақ осы оқиғадан соң Миналаның мансабы құлдырай бастады. Камерундық жігіт «Лационың» негізгі құрамында үш матч өткізгеннен кейін жалға берілді.

2014 жылдан 2021 жылға дейін Джозеф В сериясының төрт түрлі клубында ойнады, ал олардың ішінде өзінің мансабында бір маусымда 20-дан астам матч өткізе алған «Салернитана» футбол құрамасында ғана бір жылдан астам уақыт жұмыс жасады.

2021 жылы Джозефтің «Лациомен» келісім-шарты аяқталып, Крайова құрамына бағын сынап, тәжірбиеден өту үшін Румынияға барды. Бұл жолы жартылай қорғаушының физикалық формасы румындық клубтың өкілдерінің көңілінен шықпай, Қытай чемпионатынан өзіне команда тапты. Ал бір жылдан кейін ол С сериясындағы Луккезеге ауысты. Онда Минала бір жылда 20 матч өткізу барысында бұлшықет жарақатын да алып үлгерді. 2022 жылдың тамыз айында келісім-шарт аяқталысымен С сериясының келесі клубы Олбияға ауысты. 

2023 жылдың қаңтарында өзара келісім бойынша Джозеф пен Олбия келісімшартты бұзды. Осылайша 26 жастағы футболшы командасыз қалды. Соған қарамастан, наурыз айында аңызға айналған латвиялық «Лиепая» клубы өз келісім-шартын ұсынып, екі жақ үстіміздегі жылдың 30 маусымына дейінгі уақытқа келісімге қол қойды. Ал аталған жартылай қорғаушы екі айда жаңа командамен алаңда 47 минут қана өткізді.

Миналаның өзінің футбол мансабындағы мәселелерін, «Лацио» жанжалына байланысты оған мүмкіндік берілмегенін 2014 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында болған оқиғамен байланыстырады.

Егерде, сол кездегі журналисттердің айтқаны рас болып Миналаның қазіргі жасы 26 емес 51 жас екені рас болса, бұл жаңа команда табудағы проблемаларын және физикалық формадағы қиындықтарын түсінуге болушы еді.

Дегенмен, 16 жасар бала мен 42 жастағы ел ағасын қалай ажырата алмауға болады? Биологиялық сараптама жасалынбағаны ма? Бұл сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе біздің сайттың алдағы жаңалықтарын жіберіп алмаңыз...

Бақдәулет Қыстау

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×