Златан мен Ермұхамед. Оларды не байланыстырады?

15.07.2023, 00:08
Қазақта «Болмасаң да ұқсап бақ»деген аталы сөз бар. Дегенмен, адам біреуге ұқсағысы келіп оның жолын немесе іс-әрекеті мен қылығын көшіріп алуға болмайды.
Златан мен Ермұхамед. Оларды не байланыстырады?

Әр адам жеке тұлға екенін ескере отырып, тек кейбір ерекше қасиетін үлгі тұта алу керек. Әр адам жеке индивид. Алайда футбол әлеміндегі аңыз тұлғалар, тума талант иелері қазіргі қоғамда мыңдаған ер баланың кумиріне айналып, өз іс-әрекеті арқылы үлгі болып, тіпті бұл балалардың тәрбиесіне де әсер етуде. XX-XXI ғасыр адамдары қатарынан бүгінде футбол ойыншыларын өте жиі кездестіреміз. Футбол тұрғысынан қоғамда жанкүйерлер үздік ойыншы бойынша пікірі екіге қақ бөлініп келе жатқанына да бірнеше жылдың жүзі болды. Ол Роналду және Месси жанкүйерлері арасындағы қызы талас. Футболшылардың өнерінен бөлек өмірін де өзіне үлгі тұта алу, қызығушылық таныту аталған тұлғаларға қоғам алдындағы жауапкершілік жүгін еселеп артуда.

Алайда, бүгін біздің талдау мақаламыздың кейіпкері 41 жасында өз мансабын аяқтап, футбол тарихында 13 қызыл қағаз алып, 10 команда ауыстырған ең шулы ойыншының бірі, шабуылшы Златан Ибраһимович жайлы.

Меніңше, аталған шабуылшының іс-әрекетіне қарап, асау мінезді, өзіне сенімді, өзін-өзі құрметтей алатын және өзінің ойынына сенімді нағыз жігітті көруге болады. Кез-келген адамды шыңға шығаратын да, шыңнан құлататын да немесе сол шыңға шығуына кедергісін тигізетін де осы «мінез» атты дерексіз зат есімнің құдіреті. Златанның бойындағы мінез қазақ даласындағы асау жылқының мінезі іспетті сенімді, кербез. Сондықтан да шығар, Златанды тек өзіме ғана емес қазақтың мінезді кез-келген жігітіне ұқсатамын. Өзін көрсете білуінің арқасында өзіне жарнаманы да жасай алу ол үлкен өнер.

Өзін ерекше жақсы көретін, өзін құрметтей алатын ойыншы өзін сынай да алады. Қоғамда швед шабуылшысы туралы аңыз, әзіл әңгімелер өте көп. Бұл дегеніміз жанкүйерлер оны тек өнері үшін емес, жалпы өзін сыйлайды деген сөз. Бұл көп ойыншыға беріле бермейтін бақ. Мұндай жағдайда ойыншының аты мәңгілік...

Златанның алаңда өнер көрсетуі бір бөлек те, оның харизмасы, іс-әрекеті бөлек әңгіме.

Ол өзін ешкіммен салыстырмайтынын және әлемде жалғыз Златан бар екенін айтқан. Ал, мен Златан Ибраһимовичтың тұлғалығын еліміздегі үздік спорт комментаторы Ермұхамед Мәуленге ұқсатамын. Екеуінің ұқсастықтары тек шаш қою үлгісінде емес, мінезі мен өзін ұстауында, қайсарлығы мен ой-өрісінде. Ал қазақ Златаны Ермұхамед менің үлгі тұтар ағам...

Бақдәулет Қыстау

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×