Екі жыл сайын әлем чемпионатын көруіміз мүмкін

22.05.2021, 20:16
Сауд Арабиясы әлем чемпионатын 2 жыл сайын ұйымдастыруға ұсыныс тастады.
Екі жыл сайын әлем чемпионатын көруіміз мүмкін

Әлем чемпионатын екі жыл сайын тамашалауымыз мүмкін. Бұл жанкүйерлер үшін өте керемет жаңалық болып отыр. Бұл бастаманы Сауд Арабиясы ұсынып, ФИФА-ға жолдады. Ал бұл ұсынысты ФИФА-ға мүше елдер арасынан 166 құрама қолдаған екен. Енді бұл ойдың дұрыс-бұрысын саралап көрсек.

2Q==


Егер екі жыл сайын әлем чемпионаты өтетін болса, Еуропа чемпионатының да күнтізбесіне өзгеріс енбек. Ойыншылар үшін де тығыз ойын кестесіне құрылған маусым құрылып, қосымша физикалық күш түсетін болады. Қазіргі уақыттағыдай төрт жылда бір асыға күтетін доданың жиілеуі, оның маңызын жоғалтып алуы да бек мүмкін.

Дегенмен, бұндай төрткүл дүние көз тігетін бәсекенің екі жыл сайын өткізілуі жанкүйерлерге қосымша қуаныш сыйлайтыны, анық.

Серікбол Нақысбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×