Мемфис Депай «Лионнан» кететінін мәлімдеді

22.05.2021, 13:47
Шабуылшы жақын арада «Барселонаға» ауысады деп күтілуде.
Мемфис Депай «Лионнан» кететінін мәлімдеді

Нидерланды құрамасының шабуылшысы Мемфис Депай "Лионнан" кететінін мәлімдеді. Ол ертең, 23 мамырда "Ниццаға" қарсы өтетін қоштасу матчы туралы айтты.

"Мен "Лионға" келгенде 23 жасқа толған едім. Мен өзгердім және өстім. Өткенге көз жүгіртсем, тамаша уақыт болды деп айта аламын. Мен осы естеліктерімді және осы уақыттағы достарымды ұмытпаймын. Бұл менің үйім еді. Бұл менің мұндағы соңғы матчым болатынын мойындау біртүрлі сезім екен. Бос стадионда, жанкүйерлерсіз қоштасу өте өкінішті, бірақ менің отбасым мен достарым осы ерекше және эмоционалды сәтте жанымда болады", - деді Мемфис L'Équipe басылымына берген сұхбатында.

Депай "Лион" сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Футболшының клубпен келісім-шарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Осы маусымда Депай Франция чемпионатында 36 матч өткізіп, 20 гол мен 10 нәтижелі пастың авторы атанды. Шабуылшы жақын арада "Барселонаға" ауысады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×