«Екібастұз» клубы жаңа бас бапкер тағайындады

05.03.2021, 16:56
Спарышев 2004 жылдан бері осы клубта жұмыс істеп келеді.
«Екібастұз» клубы жаңа бас бапкер тағайындады

Виталий Спарышев "Екібастұз" клубының бас бапкері атанды. 53 жастағы маман - Екібастұз футбол мектебінің түлегі. Ол 2004 жылдан 2010 жылға дейін ойын мансабын аяқтағаннан кейін "Екібастұздың" жаттықтырушысы болды, ал 2010 жылдан бері дәл осы клубтың техникалық және спорттық директоры ретінде жұмыс істеді.

Оның көмекшісі 31 жастағы Сергей Якушин болады. Ол негізгі команданың жаттықтырушылар штабында 2019 жылдан бері жұмыс істейді.

Өткен маусымда "Екібастұзды" 55 жастағы маман Серік Абдуалиев баптады, команда оның басшылығымен Бірінші лиганың бірінші конференциясында бесінші орынға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×