«Каспий» жеті ойыншымен келісім-шарт жасасты

05.03.2021, 18:12
Үш ойыншымен келісімшартты ұзартты, ал қалған төрт футболшы жаңадан келді.
«Каспий» жеті ойыншымен келісім-шарт жасасты

"Каспий" футбол клубы жеті ойыншымен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Ақтаулық клубтың капитаны Руслан Сахалбаев өткен маусымда 17 матч өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. 36 жастағы футболшы мансабында "Ақтөбе", "Қайрат", семейлік "Спартак", "Оқжетпес", "Қайсар" командаларының намысын қорғаған.

Руслан Жанысбаев - "Каспий" клубының түлегі. 25 жастағы жартылай қорғаушы өткен жылы 13 кездесуге қатысып, нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады.

23 жастағы тунистік жартылай қорғаушы Вайди Сахли - "Клуб Африкэн" құрылымының тәрбиеленушісі. Ол өзінің футболдағы дебютін 2018 жылдың қысында жасады. Үш маусымда 23 жастағы ойыншы 34 матчқа қатысып, үш гол соқты.

- Максим Гладченко соңғы екі маусым бойы "Ақжайық" сапында ойнады. Өткен маусымда 11 ойында бой көрсетіп, екі мәрте командаластарының көзге түсуіне мүмкіндік жасады. 23 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстан жастар және жасөспірім құрамасында өнер көрсеткен.

23 жастағы сербиялық жаитылай қорғаушы Никола Цуцкич өткен жылы "Ақтөбе" клубының намысын қорғады (8 ойын). Ол бұған бейін Сербияда "Явор", "Земун", "Младост", "Белград" командаларында доп тепті.

Әнуар Бекмырза - "Каспий" футбол клубының түлегі. 19 жастағы қорғаушы өткен маусымда "Каспий Жастар" құрамында 3 матчқа қатысты.

22 жастағы Ниязбек Шугаев - "Шахтер" клубының тәрбиеленушісі. Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамасында ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×