Қазақстан - Франция матчына жанкүйерлер кіре ала ма?

05.03.2021, 18:17
Матч «Астана Аренада» өтеді деп жоспарлануда
Қазақстан - Франция матчына жанкүйерлер кіре ала ма?

2022 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы матч 28 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың үйдегі ойындарын жанкүйерлер тамашалау үшін Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитар дәрігерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Оң шешім қабылданған жағдайда Қазақстан – Франция ойынына барлық санитарлық ережелерді сақтау арқылы жанкүйерлердің 30 пайызы стадионға кіре алады. Сонымен қатар, билеттерді сату 10-12 наурызға жоспарланған.

Kff.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×